Экономика
Авто
Дүниежүзілік банк Қазақстанның ЖІӨ өсімін азайтты
Қазақстанның ЖІӨ-і 2016 жылы 0,1% көлемінде өсуі мүмкін деп жазады Дүниежүзілік банк баяндамасында. Қаңтардағы болжамда Қазақстанның ЖІӨ өсімі 1,1% көлемінде болады деп хабарланған еді.
"Қазақстанның ЖІӨ өсімі 1,2%-дан 2016 жылы 0,1%-ға дейін төмендейді. Бұған мұнай бағасының төмендеуі және ішкі және сыртқы сұраныстың азаюы әсер етіп отыр. Қара алтын бағасының жоғарылауына байланысты өсім 2017-2018 жылдар өсе түсуі мүмкін деген болжам бар. Дегенмен ЖІӨ өсімі ұзақ мерзімді потенциалынан төмен болады", -делінген баяндамада.
Дүниежүзілік банктың болжамынша, 2016 жылы инфляция деңгейі жоғары болады. "Тұтыну бағасының инфляциясы 2016 жылы өзінің шыңына жетіп, жыл соңына қарай әлсірей беруі мүмкін. Дегенмен тұтыну бағалары бір жыл ішінде орта есеппен 13,7%-ға жоғарылайды.
2017-2018 жылдары мұнай бағасы барреліне 48 және 51 долларға дейін қымбаттаса Қазақстандағы ЖІӨ 1,9% және 3,7% көлемінде қалуы мүмкін. 2015 жылы Қазақстанның ЖІӨ-і 1,2%-ға көбейеді. 2016 жылдағы ресми болжам бойынша өсім 0,5% болуы мүмкін.