Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Дуров ВКонтактенің жаһандық нарыққа шыға алмау себебін түсіндірді

Дуров ВКонтактенің жаһандық нарыққа шыға алмау себебін түсіндірді

Ресейлік "ВКонтакте" әлеуметтік желісінің шетелде кең тарауы үшін қызмет түрі мен концепциясын өзгертіп, акционерлер құрамын ауыстыру қажет дейді компанияның негізін қалаушылардың бірі әрі бұрынғы бас директоры Павел Дуров.

«Біздің көп жылдық еңбегімізге қарамастан, "ВКонтакте" жаһандық нарыққа шыға алмады. Көптеген халықаралық экспансиялардан ұққанымыз, "ВКонтактенің" шетелде кең етек алуы үшін үш түрлі дүниеге өзгеріс енгізу қажет: концепцияға, атауына және акционерлік құрамға», — деді ол.

Дуровтың сөзіне сүйенсек, "осы үш компоненттің өзгеруі жаһандық нарықта зор маңызға ие". Осы ой оны Telegram мессенжерін құрастыруға итермеледі. Қазіргі уақытта Павел Дуров мессенжерді дамытумен айналысып жатыр.

Және ол өзі құрған компанияға қайта келу туралы ойы жоғын да айтып өтті. «Біздің Ресейдегі миссиямыз орындалды», — дейді кәсіпкер өз сөзінде.

Сонымен қатар, Дуров Telegram -да уақытының көп бөлігі өнімді жобалауға және оны бақылауға кететінін айтты. Ал, "ВКонтактеде" «көп уақыт акционерлермен, серіктестер мен шенеуніктермен қарым-қатынасқа кететін еді».

Дуров аталған әлеуметтік желінің бас директоры қызметінен 2014 жылдың сәуір айында кеткен болатын. Әлеуметтік желідегі өзінің үлесін де сатып кетті. 2014 жылдың сәуір айынан оның негізгі бизнесі  Telegram мессенжері.

Похожие материалы