Алматы. 25- қаңтар.7kun.kz — Amazon компаниясының негізін қалаушысының байлығы 113 млрд доллардан асты. Алайда инфляцияны ескергенде, әлемдегі ең бай адам Билл Гейтс болып қала береді, деп мәлімдеді Forbes.ru.
Осыдан біраз уақыт бұрын ғана оның 100 млрд доллардан асатын байлығы тағы бірнеше млрд-тармен көбейді. Осы аптадағы сейсенбі күні Amazon-ның басшысы 2,8 млрд долларға байып, ал компанияның акциясы 2,5 пайызға өсті. Ал, кассалық аппаратсыз, не сатушысыз дүкен - Amazon Go-ны ашқаннан кейін, ертесі күні оған бүкіл индустрияның назары ауды.
Қазіргі уақытта Безостың дәулеті 113,5 млрд доллар. Ол үлкен басымдықпен әлемдегі екінші, үшінші байларды басып озады. Атап айтқанда, Билл Гейтс 92,5 млрд доллар , Уоррен Баффет 92,3 млрд доллар.
Безостың негізгі табыс көздері: Amazon компаниясының 16 пайыз акциясы. Сондай-ақ, The Washington Post-тың қожайыны, Blue Origin ракета стартапының негізін қалаушы.
The Washington Post-тың жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Қаңтар айындағы деректе, 2017 жылы газеттің электронды нұсқасына жазылушылар саны көбейген. Газет 2 жыл қатарынан табыс түсіріп келеді.
Қания Табыс