
Алматы. 20 наурыз. 7kun.kz - Amazon-ның негізін салушы робот итін робототехника бойынша өткен MARS-2018 конференциясына ертіп келген.
Кеше Amazon компьютерлік білім, робототехника мен космосты игеруге арналған дәстүрлі MARS конференциясын ашты. Amazon-ның негізін салушы Джефф Безос Twitter-ге осы шараға робот итін ертіп келгені туралы жазды. «Конференцияда қыдыруға жаңа итімді ертіп келдім», деп жазды ол.
Конференцияда Безос басқа роботпен бірге бирпонг ойынын да ойнаған.