Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Джефф Безостың байлығы 15 минутта 13 млрд долларға өсті

Джефф Безостың байлығы 15 минутта 13 млрд долларға өсті

Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz — Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безос-тың қаражаты 15 минут ішінде 13,2 млрд долларға көбейді, деп жазды Bloomberg.

Бұл 30 қаңтардағы Amazon акцияларының постмаркеттегі сатылымының 12%-дан 2,1 мың долларға дейін күрт өсуіне байланысты болды.

Bloomberg-тің хабарлауынша, баға белгіленімдері компанияның табысты тоқсандық есебі арқасында өсті. Атап айтқанда, Amazon 87,4 млрд доллар көлемінде пайда туралы есеп берді. Оның ішінде акциядан пайда 6,47 долларды құрады (сарапшылар 4,11 долларды болжаған).

Осылайша, Amazon-ның 12%-ына иелік ететін Безос жағдайы шамамен 129,5 млрд долларға дейін өсті. Алайда, Bloomberg бұл өзгерістер әлі Billionaires Index рейтингісінде көрсетілмегенін атап өтті: индекс 31 қаңтардағы сауда-саттық аяқталғаннан кейін жаңартылады.

Өз кезегінде, Forbes Безостың байлығын 116 миллиард долларға бағалады.

Еске сала кетейік, Tesla компаниясының негізін қалаушы Илон Масктың д байлығы артты. Автоөндірушінің жариялаған тоқсандық есебі сарапшылардың болжамынан жоғары болды, одан кейін компанияның акциялары күрт өсті. Ал Масктың жағдайы бір сағат 2,3 млрд долларға ұлғайды. Қазіргі таңда оның байлығы 36 млрд долларға тең.

Похожие материалы