Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Джек Ма Alibaba Group-тың басшылығынан кетеді

Джек Ма Alibaba Group-тың басшылығынан кетеді

Алматы. 10 қыркүйек. 7kun.kz – Қытайдағы ірі электронды сауда корпорацияның негізін қалаушы Джек Ма компанияның басшысы лауазымынан 2019 жылдың 10 қыркүйегінде кетеді, деп хабарлайды РИА Новости.

«Бүгін Аlibaba 19 жасқа толды. Мен тура бір жылдан кейін 2019 жылдың 10 қыркүйегінде Alibaba Group корпорациясының басқарма кеңесінің төрағасы міндеттерін атқармайтынымды толқып айтып тұрмын», - делінген компанияның әлеуметтік желідегі ресми Weibo парақшасында тараған Джек Маның хабарламасында.

Басқарма төрағасының міндетін компаниядағы қазіргі СЕО Чжан Юн (Дэниэль Чжан) атқаратын болады.

Джек Ма компанияны басқаруды тапсырғанда Чжан Юнға көмектесуге уәде берді.

2019 жылдың 10 қыркүйегінен кейін Джек Ма директорлар кеңесінен бастап 2020 жылға дейін акционерлер жылдық кеңесінің мүшесі болып қалады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Джек Ма енді білім саласында қайырымдылықпен айналыспақ.

Forbes журналының бағалауы бойынша, 1999 жылы Alibaba ұйымының негізін қалаған Джек Маның байлығы 36,6 миллиард долларды құрайды.

Похожие материалы