Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Джек Ма Үшінші дүниежүзілік соғыс жайында баяндады

Джек Ма Үшінші дүниежүзілік соғыс жайында баяндады

Алматы. 25-қаңтар. 7kun.kz – Alibaba Group-тың негізін қалаушы Джек Ма Үшінші дүниежүзілік соғыстың болу ықтимал себептерін атады. Давостағы экономикалық форумда сөйлеген сөзінде, ол соғыстың ауру мен қайыршылыққа қарсы күреске арналатыны туралы пікір білдірді, деп жазды RNS.

«Егер Үшінші дүниежүзілік соғыс басталса, бұл ауруға қарсы соғыс, қоршаған ортаның ластануына қарсы соғыс, кедейлікке қарсы соғыс болады», - деді Ма.

Оның пікірінше, Бірінші дүниежүзілік соғыстың себебі - бірінші технологиялық революция, ал екінші дүниежүзілік соғыстікі - екінші технологиялық революция болды. «Қазір болса, үшінші технологиялық төңкерістің көрінісі байқалады», - деді Джек Ма.

Жаңа технологиялар көптеген табысты адамдар мен қызықты мамандықтардың пайда болуына әкеледі. Сонымен қатар, жаңа технологиялардың пайда болуы жаңа әлеуметтік мәселелерге әкеп соқтырады.

«Адамдарды жасанды интеллект, роботтар, адамдарды компьютерлер мен мәліметтер, құпиялылық, жеке өмір пен қауіпсіздік алаңдатады», - деп қорытындылады Джек Ма.

  Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы