Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Джеки Чан «Түнгі студияға» сұхбат беріп, Димашпен бірге ән шырқайды

Джеки Чан «Түнгі студияға» сұхбат беріп, Димашпен бірге ән шырқайды

Алматы. 5 маусым. 7kun.kz -  Әйгілі актер Джеки Чанның Астанаға келетіні туралы ақпарат тараған еді. Бүгін оның қандай шараларға қатысатыны белгілі болды. Бұл туралы kaztrk.kz жазды.

Ол 7 маусым күні «Қытай киносы кинофестивалінің» ашылуына қатысып, Астанамен танысады. Сондай-ақ, «Қазақстан» телеарнасындағы «Түнгі студия» бағдарламасына сұхбат береді.  Димаш Құдайбергенмен бірге «Отан» композициясын орындайды. Бұл шараларға Джеки Чанмен  бірге  шетелдік, отандық жұлдыздар да қатысады.

7 маусым күні Қытай киносы кинофестивалінің ашылуын «Қазақстан» телеарнасы екі сағат бойы көрсетеді. Бұл шараның бас ұйымдастырушылары - «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино  және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы. Қытай киносы фестивалінің Қазақстандағы күндері  ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі мен ҚР мәдениет және спорт министрлігінің  қолдауымен өтеді.

Осы шарада  Джеки Чан көрермендерге «Кунг-фу Йога» атты  фильмін тарту етпек. Бұл фильмде ол басты кейіпкер -  Джеки атты қытай археологын  сомдап шықты.  7-18 маусым аралығында Астанада өтетін Қытай киносы фестивалі аясында елордалықтар мен қала қонақтары «Іле өзені», «Шынайы махаббат», «Гулім», «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз», «Қасқыр тотемі» сынды туындыларды тамашалай алады.

Похожие материалы