Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Джибути президенті «GIFA» премиясын иеленді

Джибути президенті  «GIFA» премиясын иеленді

Алматы. 7 қыркүйек. 7kun.kz — Астанада «GIFA» премиясының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті. 

Марапаттау рәсіміне Джибути президенті Исмаил Омар Гелленің өзі келген. Джибути Республикасы қаржы секторының 20 пайызы исламдық қаржыландыру болып саналады.

Премияның 50 номинация түрі бойынша «Үздік қаржыгер», «Үздік ислам банкі», «Исламның үздік ислам компаниясы», «Исламдық қаржыландыру бойынша үздік заңгерлік фирма», «Исламдық қаржыландырудағы инновациялық өнім» үздіктерді марапаттайды.

«Біз белгілі бір адамдардың және мемлекеттік ұйымдардың жетістіктерін атап өтеміз. Оларға ақшалай сыйақы беріп марапаттамаймыз. Мүсінше мен куәлікті ұсынамыз. Бұл адамдардың ислам әлемінде алатын орны маңызды. Бүгін бүкіл әлем мемлекеттерінен 56 жеңімпаз келіп отыр»,- деді премияның құрылтайшысы Хумаен Дар.

Айта кетейік, Исламдық қаржыландыру  бойынша жаһандық көшбасшы (Global Islamic Finance Awards. GIFA) – исламдық банк және қаржы жүйесі саласындағы үздік атақтардың бірі болып саналады.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы