Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Джохар Царнаев барлық айыптаулар бойынша кінәлі деп танылды

Джохар Царнаев барлық айыптаулар бойынша кінәлі деп танылды

Алқабилер соты 2013 жылдың сәуірінде Бостон марафонындағы терактіге байланысты кінәланып отырған Джохар Царнаевты айыптаудың барлық 30 тармағы бойынша кінәлі деп тапты деп хабарлайды CNN арнасы.

Алқабилер соты Царнаевты жарылыс мақсатында жаппай қырып-жоятын қару-жарақ пайдаланғаны үшін, оқ ататын қару пайдаланғаны үшін, жарылыс жасағаны үшін, дүние-мүлікті құртуға ниеттенгені және жарылыс арқылы дүне-мүлікке шығын келтірген үшін кінәлі деп тапты.

Сондай-ақ ол терактің құрбандары: 29 жасар Кристл Мэри Кэмпбелл, 23 жасар Лу Линчжи және  8 жасар  Мартина Ричардің өлімі үшін кінәланды. 27 жасар полицей Шон Коллиер мен автомобиль ұрлағаны салдарынан жарақат алып қайтыс болған 33 жасар Ричард Донахьюдың өлімі үшін де айыпталып, кінәлі деп танылды.

Царнаевқа қатысты 30 кінә тағылды, оның 17-і үшін өлім жазасы қарастырылған. Шешім қабылдау үшін алқабилер соты 12 сағат кеңесіп отырды. Куәгерлердің айтуынша, үкім оқылған кезде Царнаев өзін салқынқанды ұстады. 5 қаңтардан басталған сот процессі кезінде де ол ешнәрсе деген жоқ, соңғы сөзден де бас тартты. Оның соңғы сөзі ретінде полицейлерден тығылып жатқан кезде, қайықтың қаптамасына қарындашпен жазып қалдырған жазбасын есептеуге болады деп жазады "Коммерсант" басылымы.

"Жалпы маған кінәсіз адамдарды өлтірген ұнамайды, бұған исламда тыйым салынған. Бірақ (оқтың орнынан оқу мүмкін емес) айтуынша, бұған рұқсат берілген. Барлық еңбек (оқтың орнынан оқу мүмкін емес) жүктеледі". Өзінің экстремизмін ол АҚШ-тың ислам әлеміне деген сыртқы саясатымен түсіндірді. Атыс кезінде қайтыс болған Тамерлан Царнаевтың інісі Джохар Царнаев исламның діни жорамалдарына сілтеме жасап, ағасы тәрізді жұмаққа баруды армандағанын жазады. "Мен Аллахтан мені шахид қылып, оған оралып, көктегі ең жоғары деңгейдегі тақуалардың арасында болуды жалбарынамын. Алла бастап отырған жанның жаңылысуы мүмкін емес", - делінген оның "соңғы сөзінде".

Царнаевтың жазасына қатысты шешім келесі сот тыңдалымы яғни 13 сәуірде хабарланады. Прокуратура өлім жазасы қажет деп талап етеді. Адвокат Джуди Кларк қорғаушысының теракт жасағанын нақтылағанымен, ол үлкен ағасының ықпалында кетті деп мәлімдеді. Осы арқылы үкімді өмір бойы бас бостандығынан айыру деген жазаға алмастыруға тырысып отыр.

Негізгі сот процессі теракт болған Бостонда өтті. Осыған байланысты сот алқабилерді таңдау кезінде қиыншылықтарға тап болды: үміткерлердің 70%-ы алдын-ала 21 жасар жігітті кінәлі деп танитындықтарын мәлімдеген. Нәтижесінде 12 алқаби Массачусетстен шақырылды деп хабарлайды ВВС.

Айта кетейік, Массачусетс штатында өлім жазасы ресми түрде кері шегерілген. Соңғы рет 1947 жылы қолданылды. Жазаның ең жоғарғы шарасы ретіде кешірімсіз және уақытынан бұрын босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айырады. Дегенмен де федералды іс қаралған кезде құзырлы органның соттан өлім жазасын сұрауға құқығы бар, бірақ  әрбір талап алдын-ала қаралып, АҚШ-тың бас прокуратурасы тарапынан рұқсат алынуы қажет.

Бостондықтар алқабилер сотының шешімін жеңілдікпен қабыл алды. "Соттың бүгінгі шешімі құрбан болғандарды өмірге қайтарып, апатты кері шегере алмайды. Бірақ ол бұл оқиғаның соңын жақындатты", - деп жазады теракттен зардап шеккен Джеф Бауман Facebook парақшасында. Жарылыс кезінде ол екі аяғынан айырылған.

 

Похожие материалы