Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Джорж Буштың әйелі қайтыс болды

Джорж Буштың әйелі қайтыс болды
Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz - АҚШ-тың 41-президенті үлкен Джорж Буштың әйелі әрі Американың 43-президенті кіші Джорж Буштың анасы Барбара Буш 92 жасында қайтыс болды деп жазады ABC News. ABC News-тің хабарлауынша, 15 сәуір күні Буштар отбасы өкілдері оның ауруханадағы емделу процессін тоқтату туралы шешім қабылдағаннан соң Барбара Буш дүниеден озған. Экс-президенттің әйелі соңғы уақытта жүрек сырқаттарымен ауырған еді. Барбара Буш 1989 жылы Джорж Буштың президент сайлауында жеңіске жеткен соң Американың бірінші ледиі атанды.  

Похожие материалы