Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ең қарапайым 7 миллиардер

Ең қарапайым 7 миллиардер

Бай болғыңыз келсе, байлар тәрізді өмір сүріңіз.  Ол миллондарды еркін шашып, тек қымбатшылықтың ортасында жүру дегенді білдірмейді. Миллиардтарды жинау үшін үнемшілдік және қарапайымдылықпен дос болуыңыз қажет. 7kun.kz әлемдегі ең бай адамдардың тізіміне кірсе де жеңілдікпен киім алып, соңғы үлгідегі машинаға мінбеген 7 миллиардердің тізімін ұсынады. 

IKEA-нің негізін қалаушы Ингвар Кампрад

Дәулеті: $3,3 млрд

Қалай үнемдейді: ұшаққа арзан билет сатып алып, жеңілдіктерден киінеді

[caption id="attachment_30752" align="aligncenter" width="660"]8399271bd1f36d08b5abd7273fc39864a916a82e Фото: IKEA[/caption]

Шведтік миллиардер Ингвар Кампрад өзінің үнемшілдігімен әйгілі. Қазір жасына байланысты ол белсенділігін азайтып, үйде көбірек отырады. Бірақ зейнетке шықпастан бұрын ол қалауларын үнемшілдікпен байланыстыруға тырысатын: эконом-класспен ұшып, киімді жеңілдікпен сатып алады. Ол 15 жыл бойы Volvo айдап, туыстары көліктің шын мәнінде зиянды екендігін айтқанда ғана машина ауыстырған. "Ол өзін халық арасынан шыққан, көптің бірі ретінде қабылдағанын қалайтын",- деп еске түсіреді IKEA басшысының бұрынғы көмекшісі Юхан Стенебу өзінің "IKEA туралы шындық" атты кітабында.

Ақшаға деген қарым-қатынасына байланысты Кампрад бірнеше рет ыңғайсыз жағдайда қалған еді. Мысалы, ол автобуспен келгені үшін "Жыл кәсіпкері" салтанатты марапаттау рәсіміне кіргізбей қоя жаздады. "Адамдар, мені тым үнемшіл дейді, бірақ бұған еш қарсылығым жоқ. Мен компания ережесі бойынша өмір сүретінімдігімді мақтан тұтамын",- деген еді И.Кампрад өзінің бір сұхбатында. Оның сөзінше, IKEA мақсаты -ақшасы аз адамдарға да қызмет көрсету үшін төмен бағаларды сақтап қалу.

Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг

Дәулеті: $33 млрд

Қалай үнемдейді: 30 000 доллар тұратын Volkswagen айдайды

[caption id="attachment_30753" align="aligncenter" width="660"]7c0a24b882f3c84256e35a0bf16bdddb3dd5ecc3 Фото: Kevork Djansezian/Getty Images[/caption]

Жас миллиардер жұмысына құны 30 000 доллар тұратын қара Volkswagen GTI мініп барады. Бірақ "нағыз үнемшіл" деген атаққа ол өзінің арнайы формасына байланысты ие болды. Ол үнемі сұр түсті қарапайым футболка мен джинсы киіп жүреді. Сондай-ақ арзан дәмханалардан тамақтанғанды жөн көреді. Ресейге келген кезінде де ол түскі асын McDonald's-тен алған еді.

 Бұрынғы әріптестерінің сөзінше, Facebook капиталы 1 млрд доллардан асқанда да ол шағын пәтерінде тұрып, еденге көрпе салып ұйықтаған. 2011 жылы ол Пало-Альтодан құны 7 млн доллар тұратын үй сатып алады. Бірақ Los Angeles Times басылымы тарапынан "ең қарапайым" деп бағалады.

Инвестор Уоррен Баффет

Дәулеті: $72 млрд

Қалай үнемдейді: 31 500 доллар тұратын үйде тұрады

[caption id="attachment_30754" align="aligncenter" width="660"]50bd6279044a01e32dcf93c445784c8a47669e67 Фото: John Pen/Wikimedia[/caption]

Таныма инвестор Уоррен Баффет әлемдегі ең бай үштіктің қатарында, бірақ әлі күнге дейін туған жері Омахада 1958 жылы 31 500 долларға сатып алған қарапайым үйінде өмір сүреді. 2003 жылы ол жерде 700 000 доллар деп бағалады. Бірақ Цукербергтің үйіне қарағанда арзан тұрады.

У.Баффет тіпті шаштаразына да адал. Ол 20 жыл бойы аптасына 2-3 рет Омахадағы бір маманға барады. Қызмет құны - 18 доллар.

Инвестор дәулетін артық шығындарға жұмсауды жөн көрмейді. Әлемдегі ең бай адамдардың жеке яхтасы да жоқ. Себебі оның сөзінше, қымбат ойыншықтардың артық шығын болудан маңызы жоқ.

Alibaba-ның негізін қалаушы Джек Ма

Дәулеті: $22 млрд

Қалай үнемдейді: көлігі де, сағаты да жоқ

[caption id="attachment_30755" align="aligncenter" width="1000"]a7e15965b8483314a64c Фото: vc.ru[/caption]

Өзінің Ресейге сапары кезінде Джек РБК-ға берген сұхбатында дәулеті көбейгеннен бері бірде-бір рет өзіне қымбат заттар сатып алмағандығын мойындаған еді. Іс-сапарлар үшін оның жеке ұшағы және әйелі сыйлаған iPhone бар. Бірақ яхта және зергерлік бұйымдар иеленумен әуестенбеген. Бірнеше жылдан бері Джек Ма сағатта пайдаланбайды. "Мен машина, яхта сатып алуға қызықпаймын.  12 жылдан бері жалақы алмаймын, сондықтан ақшаны да қалай жұмсауды да білмеймін. Сағатым да жоқ. Уақытты смартфоннан біле алсам, олар маған неге керек?",- дейді ол.

Microsoft басшысы Билл Гейтс

Дәулеті: $79 млрд

Қалай үнемдейді: 10 долларлық сағат тағады

[caption id="attachment_30756" align="aligncenter" width="660"]870f94047902b28f6d679709a541c3c42717a80c Фото: Lee Celano/WireImage via Getty Images[/caption]

Әлемдегі ең бай адам өзінің миллиардтаған байлығын балаларына қалдырмайтындығын айтып, әлемді таңқалдырған еді. Ол қайтыс болғаннан кейін қаржысының көп бөлігі қайырымдылыққа жұмсалады. 2008 жылы миллиардер қайырымдылық шаралары үшін Microsoft-тағы жұмысын да тастады. Үнемшілдік жөнінен фанат болмаса да, Билл Гейтс өзі үшін миллиондап ақша шығындамайды. 2014 жылы Politico басылымы ұйымдастырған шара кезінде компьютерлік магнат бар болғаны 10 долларық сағат тағатындығын мойындады.

Google-дің негізін қалаушы Сергей Брин

Дәулеті: $29 млрд

Қалай үнемдейді: арзан дүкендерді пайдаланады

[caption id="attachment_30757" align="aligncenter" width="660"]79d2092ae827398ebb2b4f8a5e958c7ab9385eff Фото: Steve Jurvetson/Flickr[/caption]

Google-дің негізін қалаушы Сергея Бриннің ұшақтары, Сан-Францискодан алыс емес жерде үлкен үйі, тіпті өзге де қымбат дүниелері де бар. Бірақ ол бұрынғысынша тауарларды төмен бағамен ұсынатын Costco дүкендерінен киінеді. Ол дүкенге кіру үшін Costco-дан 35 долларға бір жылдық мүшелік сатып алу жеткілікті. "Мен ата-анамнан қарапайымдылық пен қанағатшыл болуды үйрендім. Әлі күнге дейін тамағымды қалдыруды ұнатпаймын және дүкенде ең бірінші бағаға назар аударамын. Кейде осы әдеттерімнен арылуға тырысамын",-деген еді ол 2007 жылы берген сұхбатында. Бірақ оның ата-анасы да әлі күнге дейін Costco-дан тауар алады. Сергей Брин оларға да бір жылдық мүшелік алып берген.

Майкл Блумберг

Дәулеті: $34,3 млрд

Қалай үнемдейді: соңғы 10 жылдан бері ол тек 2 жұп жұмыс аяқ киімін киеді

bloomberg

Майкл Блумберг Нью-Йорктың ең ерекше әкімдерінің бірі ретінде танымал. Сондай-ақ ол халықаралық Bloomberg L.P ақпараттық компаниясының негізін қалаушысы және акционері (оған акционерлердің 88%-ы тиесілі). Бірақ адамдардың ол туралы білмейтін тағы бір нәрсе бар: ол соңғы 10 жылдан бері тек 2 жұп жұмыс аяқ киімін киеді. Ол миллиардерді барынша жайлылықпен қамтамасыз ететін қара мокасиндер. М.Блумберг өзіне не қажетті екендігін жақсы біледі және осы арқылы басқа заттар үшінде қаржы үнемдей алады. Ал Джон Хопкинс атындағы өзі оқыған университетіне 1 млрд доллар аударды.

Фото:Time

Похожие материалы