Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЕҚДБ құны 2,3 млн еуролық 200 жобаны қаржыландырды

ЕҚДБ құны 2,3 млн еуролық 200 жобаны  қаржыландырды

Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан үкіметі Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) арқылы құны 2,3 млн еурлық 200 шағын және орта бизнес жобасын қаржыландырды, деп хабарлады ЕҚДБ-ның Қазақстандағы бағдарламалар менеджері Алма Қасымова.

"Бизнестегі әйелдер" бағдарламасы мен іскерлік консалтинг аясында екі бағытта жұмыс істейміз. Біріншісі бойынша 2016 жылы 162 жобаға 2,12 млн еуро көлемінде грант бөлінген. Орта есеппен 1 гранттың көлемі 3700 еуро. "Бизнестегі әйелдер" бағдарламасы бойынша 45 жоба 226 мың еуро көлемінде қаржыландырылды. Ондағы ортыша грант 5 мың еуро", - деді А.Қасымова сейсенбі күні Астанада өткен координациялық кеңесте.

Ол үкімет тарапынан 5 жылға есептелген іскерлік консалтинг бағдарламасына 22 млн еуро бөлініп отыр деп түсіндірді. 2015-2020 жылдар аралығында ЕҚДБ жергілікті және халықаралық кеңесшілермен бірігіп 850 консалитингілік жобаны жүзеге асырмақшы.

ЕҚДБ өкілінің айтуынша, ЕҚДБ халықаралық кәсіпкерлер мен кеңесшілермен бірігіп 215 жобаны жүзеге асырмақ. Мұндағы артықшылық берілетін салалар: агробизнес, медицина, тоқыма өнеркәсібі мен метал өңдеу ісі болады.

"Ал "Бизнестегі әйелдер" бағдарламасы 2015 жылдан бері жұмыс істейді және 3 жылға жоспарланған", - дейді А.Қасымова.

 

Похожие материалы