Көлеңекелі сектор тарапынан болатын бәсекелестік, электрмен жабдықтауға, қаржыландыруға деген қол жетімсіздік проблемасы және білікті кадрлардың жеткіліксіздігі - Қазақстандағы бизнестің дамуын тежейтін негізгі тосқауыл делінген Еуразиялық қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) есебінде.
Есеп Орталық Азия елдеріндегі кәсіпорындар жұмысының іскерлік ортасының жағдайы мен көрсеткіштерін зерттеу негізінде жасалынды. Зерттеуді ЕҚҚДБ мен Дүниежүзілік банк бірігіп, 2012 жылдың желтоқсаны мен 2013 жылдың тамызы арасында Қырғызстанда, Қазақстанда, Тәжікстанда, Моңғолияда және Өзбекстанда өткізді.
ЕҚҚДБ ақпаратына сүйенсек, Қазақстандағы бизнес дамуының басты тосқауылы ел экономикасының көлеңкелі секторының тарапына көрсетілетін бәсекелестік болып отыр. Орта Азия халықтарының басқа елдерімен салыстырғанда көлеңкелі бәсекелестікпен ұшырасатын компаниялардың пайыздық ара қатынасы алдындағы зерттеуден бері тек 2 пайыздық пунктіге, 34,7%-ға дейін қысқарыпты.
Бизнес дамуына қиындық тудыратын екінші проблема - электр қуатына деген қол жетімділік. Алдағы зерттеуден кейін осыған қатысты елімізде қолданылған шараларға қарамастан, компаниялардың олардың электр желісіне қосуды күтетін күндердің орташа саны 102-ден 32-ге дейін қысқарған. Электр қуатын сөндіру ұзақтығы екі есе азайған, ал сөнуге қатысты қаржылық шығын 5,4%-дан 3,8%-ға дейін төмендеген.
Осымен қатар, оларға электр қуатына қол жетімділік үшін сыйақы беру өтініштері түскен компаниялардың үлесі 33%-ға дейін артып отыр, осылайша өзге елдердің орташа көрсеткішінен (22%) асып түскен.
Республикада бизнесті дамыту кедергілерінің бірі - қаржыландыруға қол жетімділік проблемасы. Зерттеудің өткізілуі кезінде несие алу өтінішімен жүгінген компаниялардың тек 19,2%-на несие берілген. Негізгі капиталды толықтыру үшін бөлінген банк қаржыландыруының үлесі өткен есептегі 17,7%-дан қазіргі 8,8%-ға дейін төмендеген.
Зерттеудің өткізілуі кезінде несие алу өтінішімен жүгінген компаниялардың үлесі - 15,4%, солардың үштен біріне несие берілмеген, барлық компаниялар шағын және орта бизнес (ШОБ) секторынан.
ЕҚҚДБ алдыңғы зерттеу кезінде Қазақстанда банктерге несие алу мәселесімен жүгінген компаниялардың саны екі есе артық болғандығын атап өтті.