Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЕҚДБ кәсіпкер әйелдердің біліктілігін арттыруға қолдау көрсетті

ЕҚДБ кәсіпкер әйелдердің біліктілігін арттыруға қолдау көрсетті

Алматы. 18 қараша. 7kun.kz – Бизнесін жаңадан бастаған 28 кәсіпкер әйел тәжірибелі кәсіпкерлерден сабақ алды. «Іскер әйелдерге арналған тәлімгерлік» бағдарламасын ұйымдастырушы – Еуропа қайта құру және даму банкі.

«Қазіргі кезде бизнеспен айналысатын әйелдердегі басты қиындықтар қаржыға емес, біліктілікке келіп тіреледі. Олар көптеген бизнес-тренингтерге, сабақтарға қатысады. Дегенмен, теория жүзінде алған сабақты барлығы бірдей тәжірибе арқылы іске асыра алмайды. Сондықтан қолдау көрсетуді  тек қаржылық қолдау деп түсінбеуіміз керек. 9 ай бойы бизнесін жаңадан бастаған кәсіпкер әйелдер еліміздің танымал, білікті кәсіпкерлерімен тәжірибе алмасып, көшбасшылық пен бизнесті басқаруды үйренді. Бұл бағдарлама пайда табуды көздемейді», - деді ЕҚДБ өкілі Бақытжан Мұхаммедияұлы.

Бағдарламаға қатысушылардан алынған сауалнама нәтижесінде 87% тәлімгер мен 89% шәкірт өз мақсаттарына жеткен.

Қатысушылардың бірі, бизнесін жаңадан бастаған Салтанат Алирахимның айтуынша, оның бизнесіндегі туындаған мәселе – маркетинг саласы. Осы бағдарлама арқылы маркетинг саласының маманымен байланыс жасап, қателерімді түзеп, көп нәрсені үйрендім, деді кәсіпкер.

Іскер әйелдерге арналған «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы 2015 жылдың қарашасында іске қосылды. Қаржыландырушы – ҚР Үкіметі мен ЕҚДБ. Бағдарлама Ақтөбе, Алматы, Астана, Қостанай, Шымкент, Өскемен және Қарағанды аймақтарында жүзеге асырылып жатыр.

Бұған дейін Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстанның микро, шағын және орта кәсіпкерлігі мен әйелдер бизнесіне 8,61 млрд теңге бөлген еді.

Мейірім Бақытжанова

Похожие материалы