Алматы. 13 наурыз. 7kun.kz – Қазақстанда жалпыға бірдей декларацияны енгізген кезде - негізгі есеп қабылдаушы ресурсы - Е-gov.kz болады. Бұл туралы біздің сауалхатымызға жауап берген Мемлекеттік кірістер комитеті айтты.
МКК жақында декларация тапсыруға дайындық ретінде Қарағанды облысының Осакаров ауданында жеке тұлғалардың қатысуымен пилоттық сынақ өткізілген. Оның барысында 2153 декларация қабылданыпты. Ол «Электронды үкімет» порталында тестілік режимде іске қосылған декларацияның электрондық нысаны арқылы жүзеге асқан.
Нәтижесінде декларация тапсыру Е-gov.kz-тегі басқа қызметтер сияқты жеңіл екені анықталыпты. Ал анықталған кейбір кемшіліктер бойынша түзетуге жіберілген. Ол декларацияның көлемін 15-тен 2 бетке дейін азайту сияқты жұмыстар.
Қазіргі кезде Е-gov.kz порталында ЭЦҚ көмегімен декларацияны тапсырып көруге болады. Бұл салықтарды қосымша есептеу мен жауапкершілікке тарту бойынша ешқандай салық салдарына жауап бермейді және функционал тест түрінде ғана.
Осы функционалды пайдалана отырып, әрбір адам egov.kz жеке кабинетте активтер туралы өз мәліметтерінің өзектілігін тексере алады.
Ал декларация туралы қосымша ақпараттар үшін Мемлекеттік кірістер комитетінің байланыс орталығы Е-gov-тың 1414 байланыс орталығы аясында жұмыс істемек.
Айта кетейік, 8,6 млн қолданушысы бар egov.kz порталының іске қосылғанына сәуір айында 13 жыл толады. Азаматтар қазіргі кезде 235 түрлі мемлекеттік қызметті ала-алады. Басты қызметі –мемлекеттік қызметтердің халыққа оңай әрі қолжетімді болуы.