Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЕАДБ қазақстандық өндірушілердің экспорттық операцияларына 100 млн доллар бөледі

ЕАДБ қазақстандық өндірушілердің экспорттық операцияларына 100 млн доллар бөледі

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz – Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) және экспорттық сақтандыру компаниясы KazakhExport («Бәйтерек» холдингісінің еншілес кәсіпорны) экспортты жылжыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, - деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

«Бұл келісім Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде және одан тыс жерлерде қазақстандық тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің экспортын ұлғайту мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ынтымақтастық бағыттарының бірі қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді экспорттаушылардың тәуекелдерін сақтандырумен байланысты тараптардың жобалары бойынша лимиттер белгілеу болып табылады. Бұл ретте KazakhExport ұсынатын сақтандыру қорғанысымен экспорттаушыларды қаржыландыруға қатысу үшін ЕАДБ алдын ала есеп айырысу лимиті шамамен 100 млн долларды құрайды.

«ЕАДБ келісім шеңберінде ЕАЭО аясында және одан тыс жерлерде қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді экспорттаушылардың тәуекелдерін сақтандыруды дамыту мақсатында ұйымдастырылған бірлескен іс-шараларға қатысады», - делінген хабарламада.

«KazakhExport» экспорттық-сақтандыру компаниясы» АҚ қазақстандық экспорттаушыларға қаржылық қолдау көрсету құралдарын ұсынатын Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі болып табылады. «Бәйтерек» холдингінің құрамына кіреді.

ЕАДБ - акционерлері алты мемлекет: Ресей, Қазақстан (құрылтайшылар ретінде), сондай-ақ Армения, Белоруссия, Қырғызстан және Тәжікстан (қатысушылар ретінде) болып табылатын халықаралық қаржы ұйымы. Банктің Штаб-пәтері Алматыда орналасқан.

Похожие материалы