Экономика
ЕАЭО-дағы импорт салықтарын теңестіру 7 жыл уақыт алады
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) қосылуына байланысты Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) ішінде импорт салықтарын теңестіру процедурасы 6-7 жыл уақыт алады. Мұндай пікірді Петербург халықаралық экономикалық форумында (ПХЭФ) Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) сауда министрі Андрей Слепнев білдірді.
"ДСҰ процедураларының аясында ЕАЭО-дағы импорттың ортақ режимін құру, теңестіру, аждасмент процедурасы жүргізіледі. Бұл шамамен 6-7 жыл уақыт алады деп ойлаймын", - дп мәлімдеді А.Слепнев.
Ол Қазақстанның ДСҰ құрамына кіру шарттарына сәйкес білгілі бір уақыт кезеңінде осы елдің аумағында бірқатар позициялар бойынша төмендетілген тарифтер қолданылатынын атап өтті. Бұл тауарлар одақтың басқа елдерінің аумағына келуін болдырмау үшін ЕЭК әкімшілік басқаруды жолға қоюы қажет.