Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЕАЭО елдері арасында бизнесті реттеудің бірыңғай ережесі пайда болады

ЕАЭО елдері арасында бизнесті реттеудің бірыңғай ережесі пайда болады

Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында бизнесті реттеудің бірыңғай ережесін енгізу турлы ұсыныс айтылды. Жобаны жасаушылардың сөзінше, кәсіпкерлердің қызметін реттеу жүйесі тиімсіз. Бұл туралы Еуразиялық Экономикалық комиссиясы мәлімдеді.

Жоба авторларының айтуынша, ЕАЭО елдері арасындағы бизнесмендерге қатысты бұрынғы ереже бизнеске артық күш салады.

Осыған байланысты жоба жасаушылар ережеде бизнесті реттеу бойынша ортақ қадамның жоқ екенін атап өтті. ЕЭК аталған мәселені жаңа ереже бойынша шешуге болады дейді.

Құжат мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыруға, одақ елдерінің кәсіпкерлік шарттарын жақсартуға бағытталған. Жобаның қосымшалары ЕАЭО елдеріндегі интеграциялық тәжірибелерді негізге алады. Сондай-ақ құжат бойынша мемлекеттердің сауда қызметі шарттары мен кәсіпкерлердің қызметі ортақ қадам ретінде реттеледі.

Сондай-ақ, біріңғай ереже арқылы ЕАЭО елдері арасында ұлттық өндірушілердің бәсекелестігі пайда болады. Егер ереже қабылданатын болса, ЕАЭО-да қызмет пен тауар құны бірнеше есеге төмендейді.

Фото: mir24.tv

Похожие материалы