Қазақстанда тауарлар мен қызмет құны 2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айында 12,3%-ға қымбаттады. Бұл өсім Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері арасында ең жоғарғы көрсеткіш болды, деп хабарлайды LS.
Есептік кезеңде инфляция деңгейі Ресейде - 12,1%, Беларусь елінде – 10,7%, Қырғызстанда – 2,3% болған. Ал Арменияда тұтынушылар бағасы 1,8%-ға төмендеді.
Сондай-ақ, Еуразия экономикалық комиссия ұсынған мәлімет бойынша, Қазақстанда бензин, сүт және ет өнімдері өндіру азайған ЕАЭО елдері арасында жалғыз мемлекет.
Сонымен елімізде 2015 жылдың қаңтар-қараша айында 2014 осы кезеңімен салыстырғанда бензин 5,8%-ға, сүт – 2,4%-ға, ет – 4,5%-ға азайған.
Алайда одақ бойынша Қазақстанның инвестициясы негізгі капитал бойынша 3,9%-ға, жолаушылар айналымы бойынша 2,2%-ға артқан.
Фото: kapital.kz