Экономика
ЕАЭО елдері арасында сауда көлемі азайды
Еуразиялық Экономикалық Одақ елдері арасында 2015 жылдың қаңтар-тамыз айында $30,3 млрд доллар көлемінде тауар сатылды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 26%-ға азайған деп хабарлайды LS.
ЕЭК есеп беру кезеңінде тауар айналымы $10,6 млрд долларға төмендеді. Өзара автокөлік, машина құрылғыларының саудасы 3,1 млрд долларға (-39,7%) қысқарды. Металл өнімі және одан жасалған өнімдер 1,5 млрд долларға(-30,9%), минералды өнімдер 3,2 млрд долларға (-23,2%) азайды.
Ең көп тауар айналымы Белорусь пен Қырғызстан арасында бірнеше есеге төмендеді (56,4%). Ал Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өнім саудасы 19,2%-ға азайды.
Қазақстан басты экономикалық сауда серіктесі Ресеймен 24,5%-ға жуық сауданы қысқартты. Нәтижесінде екі ел арасындағы тауар айналымы қаңтар-тамыз айларында 10,3 млрд долларды құрады.
Сондай-ақ, Ресей мен Белорусь арасындағы сауда жүйесі 8 ай ішінде 17,3 млрд долларды құрады. Осыған байланысты Еуразиялық экономикалық комиссиясы есеп беру кезеңінде ЕАЭО елдері арасындағы сауда көлемі 34,6%-ға азайғанын, яғни 206,7 млрд доллар болғанын мәлімдеді.