Экономика
ЕАЭО елдері аумағында темекі қораптарын безендірудің бірыңғай тәртібі енгізіледі
Еуразиялық Экономикалық Одақ сайтында жарияланған құжаттарға сай ЕАЭО елдерінде өндірілетін темекі өнімдерінің қораптарына темекі өнімдерінің зияны жайлы ескертулер мен суреттердің бірыңғай формасы енгізіледі.
Бұған дейін Қазақстан мен Ресейде темекі қораптарында темекінің зияны жайлы ескертулер мен суреттер бейнеленген болатын. Ал, Армения мен Беларуссия темекі қораптарына тек ескерту сөздермен шектелген-ді. Енді аталған төрт елде де темекі қорабын безендірудің жаңа тәртібі енгізіліп, одақ елдерінде өндірілетін темекі қораптарына темекінің адам денсаулығына зияны туралы фотосуреттер мен ескерту сөздері бейнеленетін болады. Жоба одақ елдерінің денсаулық сақтау министрліктерінің мақұлдауымен бекітілді.