Экономика
ЕАЭО елдерінде өнеркәсіптік өндіріс көлемі төмендеді
2015 жылдың қаңтар-сәуірінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тұрақты бағаларда 1,7%-ға, 295,4 млрд долларға дейін төмендеді. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) сараптамалық шолуында айтылады.
Секторлар ішінде өңдеуші өнеркәсіп төмендеген (-3,2%). Пайдалы қазбалар өндірісі, керісінше, 0,2%-ға артқан. Электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен тарату секторында біршама жоғарылау байқалады (0,1%).
Өнеркәсіптік өндіріс көлемінде ең жоғары үлес Ресейге тиесілі - 86,1% ($254,4 млрд). Алайда 2014 жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда Ресей өнеркәсібі 1,5%-ға қысқарған. Өңдеуші өндіріс төмендеуі - 3%.
ЕАЭО өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі Қазақстанның үлесі - 8,3%, Белоруссиянікі - 5,3%, Армениянікі - 0,3%.
Өнеркәсіп өсімі бойынша ЕАЭО елдерінің арасында Армения көш басында (4,2%). 2015 жылдың қаңтар-сәуірінде бұл елдегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі 825,1 млн долларға жеткен. Айта кететін жайт, тау-кен шығарушы өнеркәсіп шамамен 31%-ға артқан.
Өз кезегінде, Беларусь өнеркәсібі 2015 жылдың қаңтар-сәуірінде 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,5%-ға төмендеген. Осы жылдың алғашқы төрт айында өнеркәсіптік өнім 15,64 млрд доллар сомасына шығарылған.
Сондай-ақ Қазақстанда өнеркәсіптік өндіріс көлемі 03%-ға артып, 24,4 млрд долларды қамтыды.