Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЕАЭO елдеріне ортақ азаматтық керек — дума депутаты

ЕАЭO елдеріне ортақ азаматтық керек — дума депутаты

Мәскеу. 27 ақпан. 7kun.kz - Ресей думасының депутаты Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне ортақ азаматтық беру керек екенін айтты. Бұл туралы politnavigator.net жазды.

Ресей думасының депутаты Константин Затулин өткен аптада журналистерге берген сұхбатында одаққа мүше елдерге ортақ екінші азаматтық беру қажет екенін жеткізген.

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде тұратындарға екінші ортақ азаматтық туралы айтудың жөні бар. Бұл тап Еуроодақтағы екінші азаматтық секілді. Бірақ бұған ішкі келіспеушіліктер ғана емес, кей елдердің осыған қатысты позициясы да кедергі келтіріп отыр. Мысалы, Армения қолдауға дайын болып отырғанымен, Беларусь пен Қазақстан мұны қалап отырған жоқ», — деді ол.

Еуразиялық экономикалық одаққа Ресей, Беларусь, Қазақстан, Армения мен Қырғызстан. Айта кетейік, Қазақстанда екі азаматтық алуға тыйым салынған.

Похожие материалы