ЕАЭО-ға мүше елдердің басшылары Астанада бас қосады
30 мая, 2016
31 мамыр күні президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесіне қатысады деп хабарлайды Ақорда.
Жиынға Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Армения Республикасы – Серж Саргсян, Беларусь Республикасының басшысы – Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасы – Алмазбек Атамбаев, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин қатасады.Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, басқосу барысында Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының мәселелері қаралып, бірқатар елдермен сауда-саттық әріптестігін дамыту жайлы талқыланады.