Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЕАЭО Монғолия және Чилимен еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қояды

ЕАЭО Монғолия және Чилимен еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қояды

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) Петербургтегі халықаралық экономикалық форум аясында Монғолия және Чили елдерімен еркін сауда аймағы туралы меморандумдарға қол қояды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Виктор Христенконың сөзіне сілтеме жасап, Ведомости жазады.

Виктор Христенко келісімдерге қол қойылатыны туралы өткен сәрсенбі күні Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведевпен болған кездесуде хабарлады. "Бүгінгі таңда біз Петербург форумы аясында Моңголия үкіметімен және Чили үкіметімен тиісті меморандумдарға қол қоюға дайындалып жатырмыз", - деп мәлімдеді В.Христенко. Сондай-ақ ол шамамен 40 ел ЕАЭО-мен еркін сауда режимін қалыптастыруға ниетті екенін айтты: "Шамамен 40 ел жеңілдетілген шарттарға негізделген өзара әрекеттестік жөніндегі тілектерін білдірді. Мұндай өзара әрекеттестік екі жақты негізде құрылатыны түсінікті жайт. Баланс есептеліп, бағалануы тиіс". В.Христенконың айтуынша, қазіргі кезде ЕАЭО-мен арадағы еркін сауда аймағына Израиль, Египет және Үндістан секілді елдерді қосу мүмкіндігі қарастырылуда. ЕАЭО-мен өзара еркін сауда аймағын құрған алғашқы ел Вьетнам болды. Тиісті келісміге 29 мамыр күні Қазақстанда қол қойылды.

Похожие материалы