Экономика
ЕАЭО елдерінің электрэнергиясының жалпы нарығы 2019 жылы жұмысын бастайды
2019 жылға қарай ЕАЭО елдерінің электрэнергиясының жалпы нарығын қалыптастыру жоспарланып отыр деп мәлімдеді Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Виктор Христенко.
"Электрэнергетика саласы көш бастап келеді. Сол себепті 2019 жылға қарай жалпы нарық іске қосылады", - деді В.Христенко, ЕАЭО басшылары қол қойған ортақ электрэнергиялық нарықты қалыптастыру концепциясы туралы шешіміне қосымша пікір айта отырып.
Оның айтуынша, концепцияда бәсекеге қабілетті нарықтық баға қалыптастырудың мақсаттары мен қағидалары, сонымен бірге нарықтың қалыптасатын нақты кезеңдері көрсетілген.