Алматы. 21 қаңтар. 7kun.kz – ЕАЭО-да лосось балықтарының импортына кедендік баж салығы 10%-дан 0%-ға дейін төмендейді.
Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтының хабарлауынша, тірі форель мен Тынық мұхит лососына салық өзгереді.
«Кедендік әкелу бажының төмендеуі ЕАЭО балық өсіру саласы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін нығайтады және оның одан әрі дамуына ықпал етеді», - делінген хабарламада.