Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЕАЭО-да Қазақстан мен Беларусь өнеркәсіп өнімдерінің бағасын көтерді

ЕАЭО-да Қазақстан мен Беларусь өнеркәсіп өнімдерінің бағасын көтерді

Алматы. 5 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанда ЕАЭО-да өнеркәсіп өнімдерінің ең жоғары өсуі тіркелді.

2019 жылдың шілдесінде Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары өнім бағасын 2018 жылдың шілдесімен салыстырғанда 6%-ға көтерді.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ішінде бұл көрсеткіш Беларусьте ғана жоғары – жылына 6,9%. Мұны Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметтері дәлелдейді.

Қырғызстанда өнеркәсіп өнімдеріне жылдық баға өсімі 5,8%-ды, ал Ресейде – 1,1%-ды құрады. Өз кезегінде Арменияда бұл өнімдер, керісінше, бір жыл ішінде 0,7%-ға арзандады.

Жалпы, Одақта өнеркәсіп бағаларының жиынтық өсімі 1,7%-ды құрады.

Қазақстанның тау-кен өндірісі салалары бойынша бір жыл ішінде өнім бағасы 7,5%-ға өсті. Бұл көрсеткіш Беларусьте ғана жоғары – 7,7%.

Сонымен қатар, Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінде өсім 6,4%-ды құрады. Беларусь тағы да 7,9% өсіммен көш бастап келеді.

Алайда, электрмен жабдықтау, газ беру және кондиционерлеу саласында қазақстандық өнеркәсіпшілер бағаны бір жылда 7,9%-ға төмендетті.

Похожие материалы