Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЕАЭО елдері бірыңғай электронды валюта енгізуі мүмкін

ЕАЭО елдері бірыңғай электронды валюта енгізуі мүмкін

Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz – Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері трансшекаралық есеп айырысу үшін бірыңғай валюта енгізуі керек. Ресейдегі Ұлттық төлем кеңесі қауымдастығы осындай бастама көтерді, деп ресейлік "Известия" газеті хабарлайды.

Жаңа ақша тек электронды түрде болады.

"Жаңа валютаны мемлекетаралық сауда кезінде өзара есеп айырысу операцияларына ғана қолдану жоспарланып отыр", - деді ұйымның басқарма төрағасы Алма Обаева.

Мұндай валютаны енгізу Санкциялар қаупі жағдайында өзара есеп айырысуды жеңілдету үшін қажет екен. Жаңа валюта бағамы ЕАЭО-ға мүше елдердің ұлттық ақша бірліктерінің бір-біріне қатысты бағамына байланысты болады.

Алма Обаеваның айтуынша, бірыңғай төлем қаражатын құруға кейбір ірі ресейлік несие-қаржы ұйымдары қызығушылық танытып отыр.

Ал ұсынысты қолдап отырған РФ Қаржы министрінің орынбасары Алексей Моисеев жаңа валюта еуро пайда болар алдында қолданылған еуропалық ЭКЮ-ге ұқсайтынын айтты. Еске салайық, Еуроодақ елдері алдымен "электронды" төле құралын қолданып, кейін ортақ қағаз ақша шығарған.

Сарапшылардың пікірінше, электрондық валютаны енгізу ЕАЭО қатысушыларына доллардан біртіндеп бас тартуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік ЕАЭО құрамына Ресей, Армения, Белоруссия, Қазақстан және Қырғызстан елдері  кіреді.

Похожие материалы