
Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz – 2019 жылғы қаңтарда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда жалпы ЕАЭО бойынша тауарлар мен қызметтерге тұтыну бағасы 0,9%-ке өсті.
Бұл ретте Қазақстанда бір айда өсім 0,5%-ті, Қырғызстанда – 0,4%-ті, Беларусьте – 0,9%-ті, Арменияда – 1,7%-ті, Ресейде – 1%-ті құрады.
Ал, өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда баға 4,8%-ке өсті. Беларусь пен Қазақстан көшбасшы болды. Бұл елдерде тауарлар мен қызметтер тиісінше 5,8%-ке және 5,2%-ке қымбаттады.