Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЕАЭО мен Қытайдың біртұтас валюта жүйесін құру қарастырылып жатқан жоқ

ЕАЭО мен Қытайдың біртұтас валюта жүйесін құру қарастырылып жатқан жоқ

Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай арасында бірыңғай валюта жүйесін әзірлеу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ, деп хабарлайды 7kun.kz.

Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Батыстың Ресейге қатысты санкциялары аясында ЕАЭО мен Қытай арасындағы тәуелсіз халықаралық валюта жүйесінің дамуы мүмкін деген пікір білдірді.

"17-18 наурызда Мәскеуде өзім мүшесі болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысы өтеді. Бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Әрине, санкциялық жағдайларда біздің елдеріміз арасындағы есеп айырысулардың күрделенуі байқалады. Мәселен, доллармен есеп айырысуда қиындықтар бар. Өйткені аталған валютаға Ресей айналымында шектеулер енгізілген», - деді министр.

Сондықтан дәстүрлі тауарларды жеткізуде, әсіресе бизнес үшін өзара есеп айырысудың мәселелері бар. Оның ішінде азық-түлік мәселесі де бар.

"Кеңессөздер өткізіліп, талқыланады. Бірақ Еуразиялық экономикалық одақтың Қытаймен есеп айырысу үшін бірыңғай валюта енгізу мәселесі күн тәртібінде жоқ", - деді ол.

Ал Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бұл ақпараттың жариялымын орын алған ақаулармен байланыстырды.

"Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде күн тәртібіне өзекті мәселелер шығарылатын және талқыланатын белгілі алаңдар бар. Одақ аясындағы ведомствоаралық, мемлекеттік органдардың күн тәртібінде мұндай мәселе қойылмаған. Мүмкін, бұл қандай да бір ақау болған шығар. Сондықтан БАҚ пен халықты ресми сайттар мен Telegram арналарын, мәселен, Ақорда мен үкіметтің ресми сайттын бақылауға шақырамын", - деді ол.

Айта кетейік, 14 наурызда Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында "ЕАЭО мен ҚХР тәуелсіз халықаралық валюта-қаржы жүйесінің жобасын әзірлейді" деген ақпарат пайда болған еді. Алайда кейін хабарлама жойылды.

Похожие материалы