Экономика
Выбор редактора
Қылыштың жүзі: Вестерос, Хогвартс және Жерортаның экономикасы қалай құрылған
![Қылыштың жүзі: Вестерос, Хогвартс және Жерортаның экономикасы қалай құрылған](/uploads/posts/1718872555_aIfsH_XRO7C2wapz8DH-GIj2a19IJbl5/image/post7.jpeg)
Жеті патшалықты құрсауға алған қаһарлы соғыс және ұзақ қыс туралы баяндайтын "Тақтар ойыны" сериалының бесінші маусымы да аяқталды. Роман авторы Джордж Мартиннің әлемі тек кескілескен шайқастар мен қанды қырғыннан тұрмайды. Патшалықтың экономикасы мен ауыл шаруашылығы, басқару формасы да бар. "Секрет" басылымы біз тамсанып жүрген фантазиялық патшалықтардың экономикалық құрылымын анықтауға тырысыпты. Назарларыңызға ұсынамыз.
![fxvb378](/uploads/files/2015/06/fxvb378.jpg)
Тақтар ойыны
Вестерос Ең қанды, ең ұзақ және ең шытырман қисса орта ғасырлардағы билікке қол жеткізу және тақты сақтап қалу жайында майын тамызып әңгімелеуде тарих кітаптарынан кем түспейді. Біріншіден, өте көп ақша керек. Соғыс - қымбат шаруа, ал одан кейін елді қалпына келтіру тіпті қымбатқа түспек. Ол уақытта Жеті патшалықта ақша аз болды. Көлемі Батыс Еуропадан кем түспейтін Вестеростағы әрбір лордқа аумағы орта ғасырлық Франция немесе Испанияға тең болатын жер тиесілі еді. Сатылымға ештеңе шығармайтын федодалды мемлекеттің табысы да көңіл көншітпейді. Сондықтан Вестерос патшасы мен лордтары бүгінгі Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) ролін атқаратын Браавос банкінен әрі бір-бірінен қарыз алуға мәжбүр. Moody’s агенттігінің сарапшысы Адам Озимектің түсіндіруінше, ХВҚ да, елдің орталық банктері де тұрақты (Браавос банкі жүздеген жылдар жұмыс істеп келе жатқандықтан сенімді деп айтуға болады), тәуелсіз (Браавос банкі мемлекетке емес, банкке бүкіл лордтар тәу етеді) болып, қиын кезеңде экономиканы қолдап, субсидиялар арқылы кедейлерге көмектесіп, қоғамға пайдаларын тигізуі қажет. Бірақ соңғы пункті Браавос банкі де, лордтар мен патша да орындамайды.![b6515bc129a746548a1e3381c38c2e2e](/uploads/files/2015/06/b6515bc129a746548a1e3381c38c2e2e-300x169.jpg)
![filmz.ru_b_50480](/uploads/files/2015/06/filmz.ru_b_50480.jpg)
Гарри Поттер
Англия Джоан Роулингтің көзілдірікті бала туралы қиссасын көлеңкелі экономика туралы деуге де болады. Оның кітабы бойынша, сиқыршылар барлық жерде өмір сүреді, бірақ өздерінің шеберліктері мен инфрақұрылымдарын адамдардан жасыра біледі. Тек оларға құзырлы органдардан тығылудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, сиқырлы әлем адамдар әлемінің экономикасына тәуелді емес, бұл - өзіндік валюта, банк, инфрақұрылым және өндірісі бар мүлдем бөлек қоғам. Маглдармен тауар-ақша қарым-қатынастарын тек маглдан туылған сиқыршылар орнатады. Сырттай қарасаңыз, сиқыршылар әлемінде дефицит болмауы қажет. Мұндай жағдайда экономика көріністері де жоқ болады. Шындығында, поттериандық әлем "Стар Трек" сериалындағыдай утопиялық постдефицидтік экономикаға ұмтылады. Алайда, бұл жерде романда келтірілетін Гамптың қарапайым трансфигурация заңына жүгінуге тура келеді: Жоқтан бар жасауға болмайды. Ауадан тамақ шығару мүмкін емес. Оны бар жерден әкелуге немесе сапасы мен көлемін өзгертуге болады. Ақшаны да сиқырлауға болмайды. Сиқырлы Гринготс банкінің гоблиндері жалған ақшаны бірден байқап қалады. Демек айналымда жүретін өзіндік ақшалар бар. Алтын, күміс және қола монеталар ( галеон, сикли және кнат) тиісінше 7,30 , 0,46 және 0,2 долларға тең деп есептеледі. Сиқыршылар үшін сиқыр маглдар (адамдар) әлеміндегі технологиялар тәрізді. Оны пайдалану арқылы еңбек пен қаржыны аз жұмсап, қажетті игілікке қол жеткізуге болады. Сиқыршылар әлемінде Адам Смиттің еңбек бөлінісі бар. Улы ішімдік қайнату шебері профессор Снейп болғанымен, оған шөптер мен қажетті ингредиенттерді профессор Спраут жинап береді. Әлемді Магия министрлігі басқарады. Мысалы, Амос Диггори сиқырлы тіршілік иелеріне бақылайды. Мафальд Хопкрик сиқырды заңсыз қолдану жағдайларын қадағалап, қажет кезде жазалап отырады. Министрлік көптеген сиқыршыларды жұмыс және жалақымен қамтамасыз етіп отырады. Жеке кен орындары, Кингс-Кросс бекетінен басталған темір жол желілері, сиқырлы дүкендер мен барлары бар Хогсмид сауда ауылы - барлығы да инфрақұрылымды құрайды.Тағы екі сауда орталық Лондондағы Люта және Қыли тұйық көшелерінде орналасқан.Ол жерде магиялық ішірткілер, сиқырлы киімдер мен дуа жазылған кітаптар сатылады. Сиқыршылар әлеміне жердің түкпір-түкпірінен магтар келетіндіктен мұндай сауда орталықтары барлық жерге таралған деп айтуға болады. Сиқыршы-кәсіпкерлер арасында студенттер мен оқытушылар Розмертта ханымды ерекше құрметтейді. Оның Хогсмидтегі ең атақты "Үш сыпырғыш" атты сыраханасы бар. Магиялық әзіл ойыншықтар дүкенін ашу үшін мектепті тастап кеткен ағайынды Уизилер де достары арасында танымалдыққа ие.![m_19915](/uploads/files/2015/06/m_19915-300x199.jpg)
![CINEMA_PERM_RU_KADRY_HOBBIT_NEZHDANNOE_PUTESHESTVIE_22521](/uploads/files/2015/06/CINEMA_PERM_RU_KADRY_HOBBIT_NEZHDANNOE_PUTESHESTVIE_22521.jpg)
"Хоббит" және "Сақиналар әміршісі"
Жерорта Ұлы Сақина соғысының қайдан шыққанын анықтамастан бұрын Жерортада от бүркитін Смауг айдаһарының пайда болуына жеке көңіл бөлу керек. Оның шабуылы аймақ экономикасына орасан шығын әкелді. Негізінде, бұл аймақты мекендейтін адамдар мен эльфтер және сақалды ергежейлілер өте еңбекқор халық. Айдаһар Отты тауда 200 жыл бойы ұйықтап жатқанда олар барлығын қалпына келтіріп, Айдаһарлы алқапта жаңа орман өсіре алар еді. Бірақ оның шабуылына дейін де Дейл қаласы өте кедей тұратын. Бильбо Бэггинс бастаған гномдар Отты таудың орнына басқа мекен-жай тауып үлгермеді. Карлтон университетінің профессоры, экономист Фрэнсис Вулидің сөзінше, алтын мен асыл тастарды жақсы көретін Смауг Жерортада баға құбылысын тудырады. Ол айналымнан өте үлкен көлемдегі алтынды алып тастап, бауырына басып, жатып алды. Wired басылымының есептеуінше, айдаһардың үңгірінде 158 шаршы метр бағалы тас бар. Долларға ауыстырғанда шамамен 130 млрд долларды құрайды. Егер Жерортада орталық банк немесе басқа да монетарлы институт болғанда валюта реформасын жүргізіп, алтынды қағаз ақшаларға ауыстыруға болар еді. Онда айдаһар шабуылы айтарлықтай зиян тигізбейтін. Смауг тудырған мәселенің тағы бірі - жұмыс күшінің аздығы. Алтын көмбеге отырмастан ол бұрын мыңдаған гномды жеп қояды. Ал олар - өте шебер ұсталар. Жерортадағы өндірістің үлкен бөлігі қамтамасыз етіп, жермен сауда жасады. Тірі қалған гномдар басқа мекенге ауысып, жаңа өмір бастаудың орнына, айдаһардан атамекендерін тартып алуды қош көреді. Смаугтың көзін жойып, байлықты соғысқа қатысушылар өзара бөлісіп алған соң Жерортадағы экономика қайта гүлдене бастайды. Бұл келесі тарихи оқиғаның басталуына әсер етті. Миллиардтаған алтын монеталарсыз "Сақиналар әміршісі" триологиясының шайқастары біз тамашалағандай масштабқа жетпес еді. Фродо өзінің саяхатын Бильбо саяхатынан жарты ғасырдан кейін бастайды. Жерорта әлі де бірдей дамыған жоқ. Рованион мен Эриадордың үлкен аумақтары өңделусіз қалды. Транспортты инфрақұрылымның жағдайы нашар. Арнор және Гондор атты бай патшалықтарды байланыстырып тұрған Тарбад көпірі қиратылды, маңызды жолдар қараусыз, қурап жатыр. Бұны Жерортаның бар жолдарын салған гномдардың қуғынға ұшырауының салдары деп түсіндіруге болады. Ал хоббиттер мекендейтін аграрлы ел Шир гүлдеуде. Олар үлкен әлем нарығына гүл мен темекі экспорттайды. Роханда жылқылар өсіріледі. Айдаһармен соғыстан кейін естерін жиып жатқан гномдар түрлі тауар өндіріп, алтын табады.![1334237574_kinopoisk.ru-the-lord-of-the-rings_3a-the-fellowship-of-the-ring-1530809](/uploads/files/2015/06/1334237574_kinopoisk.ru-the-lord-of-the-rings_3a-the-fellowship-of-the-ring-1530809-300x198.jpg)
Эльфтер тұйық қоғам болғанымен, жеке валютасы арқылы өздерін қамтамасыз етеді. Эльфтер тауары - қару-жарақ пен жиһаз және әшекей бұйымдар. Олар өте жоғары бағаланады, бірақ тек қара базарда ғана сатылады. Экономист Майкл Мартинестің есептеуінше, өркениетті эльфтер әлемі Жерортадан гөрі қазіргі уақытқа көбірек келеді. Технология орнына олардың ерекше сиқыры бар.
Гондор - Жерорта елдерінің арасындағы ең дамыған мемлекет. Оның экономикасы орта ғасырдағы еуропалық мемлекеттердің экономикасына ұқсайды. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен көпестер келіп, сауда жасайды. Шеберлер қаласы Минас Тиритте қонақжайлылық индустриясы өте жақсы дамыған. Сансыз қонақүйлер мен таверналар бар.
Гондордың алтын ғасыры Сауранмен соғыстан бірінші жеңістен кейін басталды. Мемлекет Мордормен шекаралас елдерді өзіне қосып алып, үлкен флот тұрғызып, көршілермен сауда қарым-қатынасын бастайды. Жылдар сайын заман өзгеріп, патшалар ауысты. Бірақ барлығы да елін сыртық күштен қорғайтын ақылды басшы бола алған жоқ.
Бұл уақытта Мордорда Саурон диктатурасы басталды. Орктер мен гоблиндер шебер ұста болмағанымен, жаппай қару-жарақ шығара бастады. Мордор қарқынды түрде өнеркәсібі мен әскерін нығайтады. Жұмыс күші де өсе түседі. Елде өзіндік валютаның бар екендігі белгісіз, бірақ орктер мен гоблиндердің күштінікі дұрыс болады деген қағидамен өмір сүретіндігін байқауға болады. Репрессия мен дарға асу арқылы қол жеткізген қуатының арқасында Саурон Мордордың ең дәулетті деген жерлерін басып алып, әлсіреп жатқан Жерортаға шабуыл жасайды.