Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЕЭК: ЕАЭО елдері ортақ валютаны енгізуге дайын емес

ЕЭК: ЕАЭО елдері ортақ валютаны енгізуге дайын емес

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) сарапшылары ЕАЭО құрамындағы бір де бір ел жеке ақша-несие саясатын жүргізуден бас тартуға дайын емес деп есептейді. Бұл туралы Известия хабарлайды.

Құрамында Ресей, Беларусь, Қазақстан, Армения және Қырғызстан елдері бар Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағына ортақ валютаны енгізу жөніндегі жоспар әлі жоқ. ЕЭК аналитикалық жазбасында осылай делінген. ЕЭК одақ мемлекеттерінде ортақ валютаны енгізу үшін объективті экономикалық алғышарттар жоқ екенін алға тартады. "ЕАЭО аумағында қазір қызметтердің, капитал мен инвестицияның жеткілікті тауар ағыны жоқ. Атап айтқанда, 2014 жылдың қорытындысы бойынша сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде одақ елдерінің өзара сауда үлесі 11,7%-ды қамтыды. Салыстыру үшін айтсақ: Еуроодақта тауарлармен, қызметтер мен инвестициялармен өзара саудалаудың көлемі - 60%. Яғни ЕАЭО елдерінің арасында экономикалық өзара әрекеттестік деңгейі әзірше жеткіліксіз. Бұған қоса, одақ елдерінің экономикалық дамуының маңызды проблемасы - олардың бәсекеге қабілеттілігінің жеткіліксіз жоғары деңгейі", - деп түсіндірді ЕЭК сарапшылары. Бұл ретте ЕАЭО елдерінің үшінші елдерге экспортының тауарлық құрылымында минералды өнімдер басым екені (2014 жылдың қорытындысы бойынша олардың үшінші елдерге бағытталған экспортының жалпы көлемінің 73,3%-ы) аталады. Импорттағы ең үлкен үлес машиналарға, жабдық пен көлік құралдарына тиесілі (2014 жылы - жиынтық импорттың 15,5%-ы). "ЕАЭО елдерінің сыртқы саудасына жүргізілген талдау одақ елдерінің экономикалық дамуының шикізат бағыты сақталғанын көрсетіп отыр", - делінеді ЕЭК аналитикалық жазбасында. Сарапшылар мұндай жағдайларда ЕАЭО аумағында ортақ валюта енгізу мүмкін емес екенін қоса айтты.

Похожие материалы