Алматы. 20 желтоқсан. 7kun.kz – Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының (ЕАЭО) сауда бойынша алқа мүшесі Вероника Никишина Сербия Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары, сауда, туризм және телекоммуникация министрі Расим Лияичпен кездесті. Бұл туралы ЕЭК-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында тараптар 2017 жылдың желтоқсан айының басында өткен Еуразиялық экономикалық одақ пен Сербия Республикасы арасында еркін сауда туралы келісім жасасу туралы келіссөздердің бірінші раундының нәтижелерін талқылады. Сондай-ақ, алдағы кездесулердің күн тәртібі белгіленді.
Вероника Никишина Сербияны ЕАЭО-тың сауда серіктесі ретінде атап өтті. Онымен Одақтың (Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы) жеке-дара елдері еркін сауда режимін құрып қойған. Ендігі кезекте, ЕАЭО мен Сербия Республикасы арасында бірыңғай еркін сауда аймағын құруға деген ұмтылысын растады.
Өз кезегінде, Расим Лияч Сербияға тез арада одақпен келіссөздер жүргізудің маңыздылығын атап өтті және бұл келісім ел мен ЕАЭО арасындағы саудаға қосымша серпін берер еді деп мәлімдеді.
Министрлер белсенді бірлескен жұмысты жалғастыруға келісіп, 2018 жылы келіссөздерді сәтті аяқтауға үміт білдірді. Олардың басталуы туралы шешім 2016 жылдың мамыр айында жасалған болатын.