Экономика
ЕЭК сауда министрі: Еуропада өзара интеграция идеясын қолдаушылар саны артуда
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) сауда министрі Андрей Слепнев ЕО-да Еуроодақтың Еуразиялық экономикалық одақпен өзара интеграциясының идеясын қолдаушылар өсімін атап өтті.
"Біз өз тарапымыздан мұндай өзара әрекеттестікке дайынбыз. Бізде бағдарламалық құжаттар дайын, оларды үкімет басшылары талқыланады, және қазір біз оларды президент үшін дайындап жатырмыз", - деп мәлімдеді А.Слепнев журналистерге.
Ол тек батыс еуропалық сарапашылар қоғамдастығында ғана емес, ЕО құрылымында да Еурокомиссия мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы ресми диалогты қолдаушылардың саны артып келе жатқандығын атап өтті.
"Бұл біз Кеден одағының жұмысы басталғаннан бері ұсынып келе жатқан өзара әрекеттестік стратегиясы, және біз бұл стратегия орынды түре біздің ортақ көршілерімізді де қамтитындығына назар аударғанбыз", - деді ЕЭК сауда министрі.