Еуразиялық Экономикалық Одақ (ЕАЭО) елдері арасында долларға шаққандағы ең жоғарғы жалақы Қазақстанда беріледі. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға сілтеме жасап LS хабарлайды.
2015 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, Қазақстандағы номиналды жалақының көлемі 122,1 мың теңге болды. Жалақының көлемі 2014 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,1%-ға арқан. Алайда бұл өсім, ЕЭО елдері арасындағы төмені болды.
Ең жоғарғы өсім 6,6 млн (+10,7) беларусь рубліне дейін Беларусь елінде болды. Ал инфляцияны ескере отырғанда Қазақстандағы нақты жылақы құны 0,6%-ға, Беларусияда 3,1%-ға және Ресейде 9%-ға төмендеген. Ал нақты жалақының көлемі керісінше Арменияда 4,8% -ға, Қырғызстанда 0,3%-ға артқан.
Есептегі кезеңдегі жалақы көлемдерін долларға шаққанда қазақстандықтар 624 доллар, ресейліктер 561 доллар тапқан. Жалақының долларлық эквиваленті Беларусияда 423, Арменияда 380, Қырқызстанда 260 доллар болды.