Экономика
Египет пен Сауд Арабиясы жарғылық капиталы 16 млрд долларлық қор құрады
Египет және Сауд Арабия жарғылық қоры 60 млрд риал (16 млрд доллар) болатын ортақ инвестициялық қор құратыны туралы мәлімдеді деп хабарлайды ВВС.
Сондай-ақ екі жақ Синай жартыаралын дамытуға арналған еркін экономикалық аймақ құру туралы меморандумға қол қойды. Каир мен Эр-Рияд Суэц каналының маңындағы Синай индустриалды аймағында 3,3 млрд долларлық құны бар жобаларды дамытуға уағдаласты. Жалпы бағасы 2,2 млрд доллар болатын электробекеттің құрылысы туралы да келісім-шарт жасалды.
2011 жылы 30 жыл ел басқарған президент Хосни Мубарак биліктен кеткен соң Египеттің экономикалық жағдайы нашарлап кеткен еді. Каир шетелдік инвестициялардың көмегі арқылы әлеуметтік өсімін жоғарылатуға тырысып жатыр.