
Египет билігі Каирдың шығысында орналасатын жаңа әкімшілік астанасын салмақшы. Жаңа жобаның құны 45 млрд доллар, мерзімі 5-7 жыл деп бағаланып отыр.
Тұрғын-үй құрлысы министрі Мустафа Мабдулидің сөзінше, көлемі Сингапурге тең болатындай қалаға барлық министрлік өкілдері көшіп барады, әр түрлі елдердің елшіліктері де сол жерде орналасады. Миллионнан астам тұрғын-үй обьектілері де салынбақ.
Елдің бас қаласын ауыстыру туралы идея 20 миллиондық Каир халқының көбейіп бара жатқандығына байланысты. Алдағы 40 жылда мегаполистегі адам саны 2 есе көбейеді деп болжамдалып отыр. Ал жаңа астана 5 млн адамға лайықталып салынады.
Associated Press-тің мәліметінше, әскерилер Каирды жаңа астанамен байланыстыратын жолдың құрылысы басталып кетті. Қаланың атауы қалай болатындығы әзірге белгісіз.