Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Египеттің экс-перзиденті бостандыққа шықты

Египеттің экс-перзиденті бостандыққа шықты

Алматы. 25 наурыз. 7kun.kz - Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мубараканың қорғаушысы оның алты жыл абақтыдан кейін отбасымен қауышқанын айтты. Бұл туралы BBC-дің орыс қызметі хабарлады.

Ол денсаулығына байланысты Каирдегі әскери госпитальде болған. Сотқа экс-президентті тікұшақпен жеткізді.

2 наурызда Египеттің жоғары апелляицялық соты 2011 жылғы көтерілісшілердің өліміне қатысты істе Хосни Мубараканы ақтап алды. Көтеріліс нәтижесінде қалаға әскер кіргізілгеніне қарамастан, президент пен үкімет биліктен бас тартуға мәжбүр болған. БҰҰ мәліметтері бойынша, көтеріліске шыққандар мен әскери күштердің қақтығысынан 300-ге жуық адам қаза тапқан.

2012 жылы Хосни Мубараканы сот бейбіт шеруге шыққандарға әскерилердің оқ жаудыруына жауапты деп танып, өмір бойы бас бостандығынан айырған еді. Біррақ 2004 жылы экс-президент қарсы арыз жазып, бұл шешім өз күшін жойған. Жоғары сот прокуратураның кері жазған арызын қабылдамай, Мубараканы ақтау туралы шешім өз күшіне енді.

Хосни Мубарака қазір 88 жаста. Ол 1981-2011 жылдары Египеттің президенті болды. 2011 жылғы көтерілістен кейін биліктен кетті.

Хосни Мубаракадан соң елді уақытша үкімет басқарды. Ал 2012 жылы президент сайлауының нәтижесінде "Мұсылман бауырлар" партиясының кандидаты Мұхаммет Мурси жеңіске жетті.

 

Похожие материалы