Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

eGov.kz-тегі айыппұлды ұялы телефондағы бірлікпен төлеуге болады

eGov.kz-тегі айыппұлды ұялы телефондағы бірлікпен төлеуге болады

Алматы. 27 маусым. 7kun.kz – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» (ҰАТ) және «Қазпочта» eGov.kz порталында ұялы телефон балансынан айыппұлдар, баждар және басқа төлемдерді төлеу қызметін іске қосты. Бұл туралы «ҰАТ» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

KCell және Билайн мобильді операторларының абоненттері банк картасын пайдаланбай айыппұлдарды, баждарды және басқа да төлемдерді төлей алады.

Ол үшін қызметті алу кезінде «Ұялы телефон теңгерімінің көмегімен төлем» әдісін таңдау қажет.

Азамат өзінің деректерін және ұялы телефон нөмірін енгізгеннен кейін, ол растау үшін бір реттік SMS-паролін алады, соның нәтижесінде айыппұлды онлайн-төлем жасалады. Сонымен қатар төлем туралы түбіртек eGov.kz-тегі «Жеке кабинетте» сақталады.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа тәсілден басқа төлем картасының немесе электрондық әмиянның көмегімен төлем жасауға болады.

Похожие материалы