Ұлттық Air Astana әуе тасымалдаушысы наурыз айының соңында Алматы – Гонконг – Алматы және Астана – Париж – Астана рейстеріндегі эконом-классқа жатын орын енгізеді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.
Айта кетейік, осы жылдың 3 ақпанында Астана – Лондон – Астана және Астана – Франкфурт – Астана рейстері үшін де жатын орын енгізілген еді. Компанияның түсіндіруінше, жатын орындар мен кәдімгі орындардың бағасы айырмашалық жасамайды. Бизнес және эконом-класстан бөлек әрбір рейсте 12 жатын орын болады. Жолаушыларға жастық, матрас және жамылғы беріледі. Мұндай рейстерге тіркелгендердің 30 келіге дейінге жүкті тегін артуларына болады.