Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Эйр Астана әуежайлардағы тарифтердің қымбаттағанын мәлімдеді

Эйр Астана әуежайлардағы тарифтердің қымбаттағанын мәлімдеді

Алматы. 27 қаңтар. 7kun.kz - «Эйр Астана» әуекомпаниясы монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне Қазақстан әуежайларындағы тарифтердің қымбаттауына байланысты шағым түсірді.

Әуекомпанияның мәліметінше, Қазақстандағы кейбір әуежайлар  2017 жылы 1  қаңтардан бастап қызметтердің құнын (сумен қамту, сатыларды, автолифтерді, жүк тиегіштерді жеткізу, әуе кемелерін тазалау қызметтері) 5%-дан 300%-ға дейін қымбаттатқан.

"Шағымда әуе тасымалдаушылар мен әуежайлар арасындағы осы мәселені реттеу туралы өтініш айтылған. Біз халықаралық тәжірибе бойынша аталған мәселелерге қатысты ымыраға келгіміз келеді", - деп хабарланды компаниядан. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл мәселе азаматтық авиация комитетімен кездесу кезінде де талқыланған. Компания әуежайлар тарифтерінің қымбаттауына байланысты шетелдік тасымалдаушылар да шағым жасауы мүмкін екенін айтады.

Похожие материалы