Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Екі адам қайтыс болды, үшеуіне медициналық көмек көрсетілді – Теңіздегі жарылыс салдары

Екі адам қайтыс болды, үшеуіне медициналық көмек көрсетілді –  Теңіздегі жарылыс салдары

Атырау облысы. 6 шілде. 7kun.kz – Қазақстандағы ең ірі Теңіз кен орнындағы жарылыс салдарынан бес жұмысшы зардап шекті. Олардың екеуі қайтыс болды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлауынша, қаза тапқандардың бірі сол жерде, екіншісі кен орнындағы «ТШО клиникасы» емдеу мекемесінде көз жұмды.

«Үшінші зардап шегуші «Теңізшевройл» ЖШС-не тиесілі ұшақпен облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір дәрігерлер науқасты қарап жатыр. Зардап шеккен төртінші жұмысшы Жылой аудандық ауруханасына жеткізілді. Ол жамбас буынынан жабық жарақат алған. Жағдайы орташа. Бесінші зардап шегушіге кен орнында «ТШО клиникасы» медициналық мекемесінің қызметкерлері психологиялық көмек көрсетуде», - деп хабарлады облыстық департаментте.

Айта кетейік, 6 шілде күні сағат 10:30 шамасында Теңіз кен орнында жарылыс болды. Онда атмосфералық газы бар құбырда гидросынақ жүргізілген. Құбыр қысымға шыдай алмай, жарылып кеткен. ТШО қаза болғандар мен зардап шеккендердің «Сенімді құрылыс» серіктестігінде жұмыс істегенін хабарлады. ҚР Қылмыстық кодекінің 156-бабының 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Похожие материалы