Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Екі метро станциясын салуға 67 млрд теңге бөлінді

Екі метро станциясын салуға 67 млрд теңге бөлінді

Алматы. 3 тамыз. 7kun.kz – Алматы метрополитенінің «Достық» және «Сарыарқа» станцияларын салу үшін мемлекеттен 67 млрд теңге бөлінді.

Алматы метрополитенінің бірінші бөлігінің екінші кезегіндегі алғашқы желі 2015 жылдың 18 сәуірінде пайдалануға берілді. «Алматыметроқұрылыс» Акционерлік қоғамы қазіргі кезде екінші бөлік бойынша екінші кезектің алғашқы желісінің құрылысын жүргізуде.

«Алматықұрылыс» өндірістік техникалық департаментінің директоры Жамиля Мұратқызының мәлімдеуінше, 2015-2017 жылдарда 25 млрд теңге қаражат кетті. 2018 жылы жерасты құрылысына 9 млрд теңге бөлінді, оның 5 млрд теңгесі жұмсалды.

Сонымен қатар, үшінші іске қосу кешені («Қалкаман» станциясы) құрылысына 47,7 млрд теңге бөлінетін болады. Бұл сома құрылыс-монтаж жұмыстарын, техникалық қадағалауды, авторлық қадағалауды және жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуді қамтиды.

Похожие материалы