Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Екібастұзда ротвейлер екі әйелге шапты

Екібастұзда ротвейлер екі әйелге шапты

Екібастұз. 9 қыркүйек. 7kun.kz – Екібастұзда ротвейлер екі әйелге шапты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оқиға 7 қыркүйекте күндізгі уақытта болған. 54 жастағы қала тұрғынына роттвейлер тұқымды ит шауып, жерге құлатқан. Иттің иесі итті әйелден ажыратып, оған көмек көрсетпей, кетіп қалған.

Жәбірленуші бас миының шайқалуымен ауруханаға жатқызылды.

Иттің иесі 47 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды. Сол күні осы иттен тағы бір адам зардап шеккені белгілі болды. 35 жастағы қала тұрғыны «Шахтер» стадионының жанынан өтіп баратқанда, оған қарғыбауы мен тұмырылдығы жоқ ит кенет шауып, әйелді қауып алған.

«Үй жануарларын серуендеткені үшін полицейлер иттің иесін ҚР ӘҚБК 407-2-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты, енді оған он АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келеді. Бұдан басқа, жәбірленушілерге денсаулығына зиян келтіргені бойынша сотқа жүгіну үшін сараптама тағайындалды, – деді Екібастұз қаласы ПБ бастығы Қайыржан Шақарғалиев.

Ведомствода атап өткендей, биыл полиция қызметкерлері серуендеу ережелерін бұзғаны үшін 168 мысық пен ит иелерін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Похожие материалы