Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Екінші деңгейлі банктердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа талаптары

Екінші деңгейлі банктердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа талаптары

Алматы. 18 маусым. 7kun.kz – Алматы қаласында екінші деңгейлі банк өкілдерімен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Ұлттық банкінің бастамасымен және «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шарада ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті (ҚР ҚАӨМ АҚК), ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК қатысты.

Қатысушылар ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары бойынша ҚР Ұлттық банкін құлағдар ету және оқиғаларды одан әрі бірлесе тексеру тәртібі; екінші деңгейлі  банктердің ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы мәліметтерді ұсыну, сондай-ақ ҚР Ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті үйлестіру орталығында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтау туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі; cалалық ақпараттық (кибер) қауіпсіздік орталығының болашағы мен ұйымдастыру тәртібі бойынша сұрақтар талқыланды.

Похожие материалы