Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Екінші деңгейлі банктердегі мерзімі өткен берешектер 1 трлн 224 млрд теңгені құрайды

Екінші деңгейлі банктердегі мерзімі өткен берешектер 1 трлн 224 млрд теңгені құрайды

Екінші деңгейлі банктердегі мерзімі өткен берешектер 1 трлн 224 млрд теңгені құрады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық банкінің ұсынған мәліметтеріне қарағанда, қазіргі таңда еліміздегі екінші деңгейлі банктерден кредит алған жеке тұлғалардың саны 5 млн. 154 мың 200 адамды құрайды. Оның ішінде 1 млн. 102 мың 905 адамның борышкерлік мерзімі 90 күннен асып кеткен. Ал мерзімі өткен берешектер көлемі 1 трлн. 224 млрд теңгені құрап отыр.

Бұдан бөлек, микроқаржы ұйымдарынан кредит алған азаматтардың саны 209 мың 807 адамды құрайды. Оның ішінде 5 мың 228-інің төлеу мерзімі 90 күннен асқан. Ал мерзімі өткен берешектер сомасы 1,3 млрд теңгеге жетіп отыр.

2016 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша банктер коллекторлық агенттіктерге берген мерзімі өткен кредиттер бойынша берешектер сомасы 324,5 млн. теңгені құраған. Ондағы борышкерлер саны 837 мың 365 адам. Еске салайық, бүгін Мәжілісте «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасы таныстырылды.

Похожие материалы