Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Екінші нарықтағы тұрғын үй 28%-ға қымбаттады

Екінші нарықтағы тұрғын үй 28%-ға қымбаттады

Қазақстан. 6 мамыр. 7kun.kz – Өткен жылдың сәуірінен бастап екінші нарықтағы бағалар 27,7%-ға өсті, ал жаңа тұрғын үй 20,3%-ға қымбаттады. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Сәуірде Қазақстанда екінші нарықтағы тұрғын үйдің шаршы метрі 459 137 теңге, ал жаңа құрылыстарда – 412 315 теңге болды.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу ақысы 22,2%-ға өсті.

Айта кетейік, тұрғын үй бағасының өсуі бесінші жыл қатарынан байқалуда. Соңғы рет сарапшылар бағаның төмендеуін 2016 жылы тіркеген. Ол кезде нарықта жаңа тұрғын үй бағасы 3,6%-ға төмендеген еді.

Похожие материалы