Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Экономика саласындағы Нобель сыйлығы не үшін берілді?

Экономика саласындағы Нобель сыйлығы не үшін берілді?

Экономика саласы бойынша Нобель сыйлығы бұл жылы америкалық зерттеушілерге - гарвардтық Оливер Харт пен Массачусет технологиялық институтының ғалымы Бенгт Хольмстремге бұйырды. Олардың еңбегі корпоративті шарттардың ерекшелігін зерттейтін келісім-шарт теориясын зерттеуге бағытталған.

"Қазіргі экономика шексіз көп келісім-шарттан құралған. Харт пен Хольмстрем жасаған жаңа теориялық құралдар шарттар мен институттардың не үшін керек екенін және келісім жасау құрылымындағы мәселелерді анық көре білуге көмектеседі", - дейді Нобель комитеті. Олар зерттеген теорияны сақтандыру компаниялары мен тұтынушылар, жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында қарым-қатынас орнату кезінде де қолдануға болады. Бұл теория экономика мен құқықтың бірігуінен туындаған: ол қаржылық қиындық туғанда қызметкердің қандай мүддесі болады деген секілді сауалдарға жауап береді.

Аталған теория шарттар құрылымының түрлі ерекшеліктерін зерттеуге қажетті жан-жақты қағидалар жиынтығынан тұрады. Оның ішіне топ-менеджерлерге жұмыс өнімділігіне қарай жалақы беру, сақтандыру саласындағы франшиза мен төлем жасау, сондай-ақ, жекешелендіру секілді келісім-шартты қажет ететін процестер де кіреді.

Келісім-шарттар теориясы деген не? Түсіндіріп берейік. Егер сіз - менеджер, мен акционер болсам, жыл сайын өсіп жатқан табыстың қанша пайызын сізге төлеуім қажет? Сізге жоспарыңыздың орындалуына бір жыл беруім керек пе, әлде жарты жыл ішінде орындалуын талап етуім қажет пе? Біз айналысатын кәсіптің бір жері ақсап тұрса, барлық жұмыс тек соны жақсартуға кетіп, қалған аспектілер кенеттен әлсіреп кетпеуін қалай қадағалауға болады? Ғалымдар қарастырған келісім-шарт теориясы аталған сұрақтарға жауап береді. Бұған дейін жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы шарттар еңбек өнімділігі мен жекеленген қызметкер жұмысының нәтижесін таза бақылауға кедергі келтіретін. Сыйлық алған ғалымдар жетілдірген бұл теория қандай да бір компанияның дамуына белгілі бір адамның қандай пайдасын тигізгенін анықтап, соған сай оның да кәсіпорындағы ролін айқындауға көмектеседі.

full-nobelevskaya-premiya-147609728568 жастағы Оливер Харт Ұлыбританияда туған. Кембридж университетінің Корольдік колледжін, Уорик және Принстон университеттерінде білім алған. 1984 жылға дейін Ұлыбританияда жұмыс істеген: алдымен Кембридждегі Черчилль-колледжде, кейіннен Лондонның экономика мектебінде қызмет еткен. Сосын зерттеуші АҚШ-қа көшіп, Массачусет технологиялық институтында сабақ беріп жүреді де, 1993 жылы Гарвард университетіне ауысады. 2000-2003 жылдары Гарвардтың экономика факультетін басқарады.

Харт - келісім-шарт және фирма теориясын зерттейтін, корпоратив қаржысы мен құқық және экономика бағытының маманы. Ол жекеменшік құрылым мен келісімді механизмдердің ірі корпорацияларды басқаруға қалай әсер ететінін ғылыми зерттеуінің негізгі бағыты ретінде алған.

Ал 67 жастағы Бенгт Роберт Хольмстрем Хельсенкиде туған. 1972 жылы Хельсинк университетінде математика ғылымының бакалавры болып шығады да, 1975 жылы Стэнфорд университетінің магистрі болады. Ал 1978 жылы аталған университеттегі жоғары бизнес мектебінде доктор дәрежесін алады.

Хольмстрем сабақ беруді 1978 жылы Швед экономика мен іскерлік әкімшілік мектебіндегі жүйе және операцияларды зерттеу кафедрасының профессор көмекшесі болудан бастайды. Қазір ол - Массачусет технологиялық университетінде (МТИ) экономика профессоры. Хольмстрем Йельск университетінде де біршама уақыт жұмыс істеген, бірақ 1994 жылдан бері МТИ-дағы оқытушылар құрамына кіреді.

Ол 2003-2006 жылдары МТИ-дағы экономика кафедрасының жетекшісі болып та қызмет еткен. Хольмстрем - микроэкономика саласының теоретигі, ғылыми зерттеу жұмысын келісім-шарт және фирма теориясын жетілдіруге арнап, еңбектерін корпоративті басқару мен дағдарыс уақытында тауарлар өтімділігін анықтауға бағыттады. Одан бөлек, профессор 1999-2012 жылдары Nokia мобильді техникаларын шығаратын компаниядағы директорлар кеңесінің мүшесі де болған. Профессордың алғашқы жұмыстары корпоративті командадағы моралді тәуекел мен еңбек шарттары туралы болған.

Нобель сыйлығының 2016 жылғы иегерлері 8 млн швед кронын (шамамен 931 мың доллар) алады.

Долларға қатысты швед кронының курсы көтерілуіне байланысты сыйлық мөлшері біршама азайған: өткен жылы 8 млн крон 953 мың долларға тең еді.

Бір қызығы, Харт та, Хольмстрем да экономика саласы бойынша аталған сыйлықты алады деп ешкім ойлаған жоқ. Thomson Reuters-тің пайымдауынша, жеңу ықтималдылығы ең жоғары болған қызметкерлерге мотивация беру мен еңбек өнімділігін арттыруды зерттеген кадрлық экономика профессоры Эдвард Лейзир еді. Басқа да кандидаттар ретінде Халықаралық валюта қорының бұрынғы басшысы, экономикалық тұрақсыздықты зерттеген Оливье Бланшар мен халықаралық нарықтағы фирмалардың алуандығын анықтап, сараптаған  Марк Мелиц секілді ғалымдар ұсынылған еді. Thomson Reuters агенттегі жеңімпаздың атып болжап, дұрыс таба алмауы осымен үшінші жыл қайталанып отыр.

Экономика саласындағы Нобель сыйлығы Альфред Нобель жасаған салалар тізіміне кіреді де, 1968 жылдан бері беріліп келеді. Жүлдені табыстау рәсімі дәстүр бойынша 10 желтоқсанда Швеция астанасы Стокгольмде өтеді.

Аян ҚАЛМҰРАТ, "7"

 

Похожие материалы